Жамандық көрді. ~ «Бұл не сөз? Не тілек?» – деп бай таңданды, Мәнісін білейінші деп ойланды: «Айтпа деп сонша өтініп, жалынасың, Көрерсің айтсам онан не залалды?» А.Байт. ~ Абай қырдан да қаладағы көпшіліктің дүмше молдалардан молырақ залал шегетінін көп таратып айтты. М.Әу. ~ Егер қосарланған осы екеуінің достығы тастай берік болса, онда тек құстар ғана залал шегер еді. Ә.Нұрш. ~ Сен де қара жерге отырып жүрген жоқ шығарсың. Екеуміздің бірлігімізден залал көрдім десең, құдайыңа шет боларсың. Біріміздің сырымыз бірімізге мәлім ғой. М.Әу. ~ Базеке,– деді Мадияр,– бірде пайда, бірде залал көріп жүрген шығарсыз. Азар болса екі-үш теріден алатын пайдаң шығар, газетке өзің де жазыл. С.Мұқ. ~ Акымақтар ел десіп, заман десіп, Аһ ұрады, қайғырып, залал кешіп. Ф.Оң. ~ Бар пәле сүйекте дейді. «Менің сүйегім сау, шешесінікі сау, тұп– тұқияны сау, сүйегіне қайдан залал келді екен?! » деп Жапал он ойланып, жүз толғанды. Қ.Түм. ~ Табиғатқа қаншалықты залал келіп жатқанын көре тұра неге айтпаймыз? Б.Тоғ.
