Жан төзгісіз қиындық, азап. ~ Құмырсқа илеуі бықсыған күл төбеге айналды. Жан-жәндікке заман ақыр, жер тақыр күн туды. М.Қаб. ~ Сегіз сағат чертежға шұқшиып, теодолит сығалағанға заман ақыр, жер тақырды төндіргені несі деп іштей күлесіңдер, ә? Күлсеңдер бастарыңа келсін. М.Қаб. ~ Дүниенiң апшысын заманақыр, жер тақыр қып қуырып жiбергенiн жақтырмаған шал қабағын кiржiң еткiзiп, қазан-ошақ жақта жүрген келiнiн қайдан көрген адамым дегендей ұзақ тесiлiп, шаққа айырған сыңайы сол едi. Ж.Шаш.
