Дүниенің, тіршілік атаулының ақыры. ~ Дүние- әлем жаралғалы, күн — күн болып, түн — түн болып жаратылғалы бері бір толастамаған бұл айқас енді бұдан былай да, күндіз де, түнде де, шексіз уақыт құрсағында заман ақыр, тауыс-тәмам болғанша созыла бермек… Ш.Айт. ~ Сұм заман соншама қайғы-қасірет шектіретіндей не жазып едім құдайға?! Заман ақыр осылайша туатын ба еді ?!.. Б.Тоғ.
- Адам басына түскен зұлмат, бейнет, азап. ~ Осындай нәрселердің бәрін өз басымнан өткіздім. Талай-талай заман ақыр сәттерді өтті-біттіге санап ұмытайын десең де, ұмытылмайтын рақаттар да бар еді-ау! Ж.Баб. ~ Сол тойға келді жаяу батыр, Кәпірге-жүрген жері – заман ақыр. Самсаған сары қолға келді жетіп, Той қылып, шуылдап жатыр тамам кәпір. М.Ж.Көп.
