Posted in

ЗАРДАП ШЕКТІ (ТАРТТЫ)

Қасырет тартты. ~ Құдайым- ай, қос қарашығым әлден- ақ жетiмдiкiтң қорқынышты зардабын шегiп, көзтүрткi көре бастапты- ау. Ж.Шағ. ~ … көбісі көлеңкесінен қорқып қашқандар. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасынның» зардабын шегушілер… Б.Тоғ. ~ Жазықсыз зардап шегуіне себепкер болған айыпкерлерден есесін өндіріп беріңдер дейді. С.Ом. ~ Ол бала жастан бірге өсіп, біте қайнаған досым еді. Жалшылықтың зардабын екеуміз бірге тартқан ек. С.Мұқ. ~ .. бала да болсам соғыс зардабын мен де тарттым. Б.Тоғ. ~ Мен ол кезде жаңа туған баламын, бірақ соғыс зардабын ес кіріп, етек жинағанға дейін тарттық! Б.Тоғ.