Posted in

ЗАРЛАП ӨТТІ

Өмірі қайғы жұтып, зар еңіреп жылаумен, тағдырына налумен өтті. ~ “Елуге кемпір едім жасым жеткен, Сорлы едім бала көрмей зарлап өткен. Тандыры құрып қалған тас желіннен. Сүт ақса мұнан бұрын қайда кеткен?” Шәк.

  1. Кеудесіне мәңгі ұялаған, көкейінен кетпейтін әлдебір арман, шерді аузынан тастамай айтып өтті. ~ Қайда қалдың, қайран жас, Сендей ер маған табылмас. Қасен деп зарлап өтермін, Көзімнен ағар қанды жас. “Нұрғ.” ~ Ата-бабасының: «Туған жерден бір күрек топырақ бұйырсын», – деп зарлап өткені бекершілдік емес, рухының мықтылығы шығар. О.Бөк.