Posted in

ЗАҚЫМ КЕЛДІ (ТҮСТІ, ТИДІ)

Зиян келді, зардапқа ұшырады. ~ Сүт пісірім уақытта сынықшы Домбай қария келді. Ұзақ қарап көрді де: – Жұлынына зақым келген. С.Досж. ~ Төртуыл жағы ұрандап келіп Байсеркені көтермелеп әкеткенде, Қараш сол орнында тұра алмай жатып қалды. Әйтеуір бір жеріне зақым келгені анық. Қ.Жұм. ~ Балапанды соларға қалың орап, сыртынан қыл арқанмен шандитын да, тасы жоқ тұстан темен қарай домалатып жіберетін. Бөлеулі балапанның денесіне зақым түспейтін. С.Мұқ. ~ Мейізгүл солай тайраңдап жүре тұрсын. Әке тепкенде басына қатты зақым тиіп, жарық дүниеге жылай алмай, үнсіз келген ұл бар емес пе еді, енді сахнаға сол шықсын, сол бала. Ә.Тар.