Залал жасады, кесірі тиді. ~ Олай болса, жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап, оған зиян келтірмеске керек… Мысалы, балаға миға зақым келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа ұру жарамайды. М.Жұм. ~ Шыңғыс ұрпағы өздеріне кір келтіретін, құпияны білетін адамдарды аямайтын еді, бейшараға зақым келтіріп жүрмесе жарар еді». І.Ес. ~ Алғашында жеңіл деп ойласа керек, ұшынан ұстап еді, салмақты найза, құлаған теректей ауып барып шаңға жалп ете түсті. Бір тәуірі ешкімге зақым келтірмеді. М.Әбд. ~ Қол–аяғың бүтін бе? Қалмақ зақым салмады ма? — Жоға, тәйірі… Қалмаққа да жан керек екен. Абайлап алысып, аңдап атысады екен. Ә.Кек. ~ Қатарласа көтерген бөрененің салмағы үлкендерің иығын қанша езгенмен, бойы кішкене балалардың иығына жетпей тұратыны секілді, соғыс тауқыметі ел еңсесін еңкейтіп жібергенмен, балаларға зақым салмайды. Т.Әбд. ~ Түрінен қорқам. Егер келін шіркін рас кетіп қалса, өзіне – өзі зақым істей ме деп те зәрем жоқ… Сосын… ана ғой, менің қайғыма түсінер деп өзіңе келдім… Көз жасыма қарар дедім… І.Ес. ~ Тілін кесіп, есігінің алдында жүрген күң етуге бата алмаған. Ер жүрек тау қызының бір күні өзіне зақым істеуінен корыққан. І.Ес. ~ Ойбай, жүкке қарай шабыңыз. Сізді ұстап алса, бәріміз құрыдық. Ал сіз аман болсаңыз, бізге зақым жасай алмайды, – деп башқұрттар шу ете түсті. Ә.Кек.
