Әзер дегенде, әрең-әрең, амалсыздан, барын салып. ~ О да сөйлегенде қоңыр даусын қолдан созатын. О да аузынан шыққан әр сөзін арғы жағынан зордың күшімен сығып шығарғандай ыңыранып еді-ау! Ә.Нұрп. ~ Баратын да едім милициясына, құдай қуат беріп, өзің де басыңды азаттаған екенсің. Елтай зордың күшімен күлімсіреді. М.Қаб.
- Боз інген зордың күшімен көзін ашты. Мұңлы інгеннің тостағандай жанарының қарашығына екі адамның суреті кеп түсті. М.Сүнд. ~ Бұрындары ықтиярсыз ұзатылған қыздардың: «Ішіңе сыйған анашым, сыртыңа неге сыймадым?!» деп сыңситыны жол қалсын, құлап түсіп, атқа сүйретіліп өлейін десеқол-аяғы байлауда, қимылдауға әл-дәрмені жоқ, асасынан ажал жетпей ат үстінде ауып-төгіліп аһ ұрып зордың күшімен әрең келеді. Ш.Рах. * Мұнарбек оятқан кезде қайда жатқанымды айыра алмай алақтайын… Зордың күшімен тұрдым. Дала тас қараңғы, жерошақтағы от қана лаулап жанып жатыр. Ә.Асқ.
