Posted in

ЗОРҒА ДЕГЕНДЕ

Әзер дегенде, өліп-талып. ~ Бақтығұл тезірек ақтармалап ішек-қарнын алып тастап, етін бұзбастан, белден бір омырып, терісіне орап, жирен атқа зорға дегенде көтеріп арта салып, мықтап таңып алып, атын жаяу жетектеп, ойға қарай тартты. М.Әу. ~ Зорға дегенде бір қайық келді, қайықшы: «Бүгін жел қатты, құлап қалмас үшін бір-біріңді ұстап отырыңдар», — дейді. Үшеуі бір-біріне жақын отырып, бір қолшатырдың астына тығылды. Н.Абдр.