Posted in

ЗОР КЕУДЕ

Өр мінезді, паң адам. ~ Қазбектен, ағам, сені көксеп шығып, Кім қақтықса, жолымда күйреткенмін. Зор кеуде адамзаттың айласына Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін. Абай. ~ Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Ж.Айм. ~ Көңілді бұрып билеген бір қызу толқын, ыстық ойлар зор кеудені шарпып тулатты. М.Әу. ~ Ішкі мінез, қайратына осындай елден өзге зор кеуделі Оспанның алып күші қосылған соң, оның ашулы бетінен кім де болса жалтарып жүреді, тайқып соғады. М.Әу. Үмітпен тағы да ашты соңғы хатты, Зор кеуде қасіреті жанға батты. “Бер қарап лазареттен үйге келдік”, Дегенің барша сөзден болды тәтті… М.Әу.