Мақтаншақ, тәкаппар, өр кеуде. ~ Қорлыққа көшіп, тепкіге шыдап жүрген орыстың қара мүжығы үнсіз, тілсіз, көнбіс надан емес. Қылжыр, өзімшіл, зор көкірек надан еді. Патшаның пәрманына, ақсүйектің тізесіне амалсыз көніп, кекетіп-мүқатып, сырттан қоржиып жүруші еді. Ж.Айм. ~ Өмірден үміті жоқ, бейнеті кеп, Жатады бір қозғалмай зор көкірек. Болады байқағанда, айтуға ер деп, Тайсалмай ешнәрседен жатыр “кел” деп. М.Әу. ~ Жәлелді тәкаппар, зор көкірек, тентек тіл, боқтампаз мінезі үшін жек көретін Дәрмен мен Баймағамбет Абайдың сөздеріне қатарынан ден қоя күлісті. М.Әу.
