Posted in

ЗЫР ЕТТІ

Жан даусы шықты. ~ Бұл ұсынысын Гүлнар Тәрбияға айтып еді. «Ойбай, қарғам, естірте керме, бұл сөзіңді, — деп зыр ете қалды ол, — егер мұнда қалсам, кете салысымен-ақ сен көзіме елестерсің де тұрарсың. С.Мұқ. ~ Мен түк ұқпадым. Қырық сомдық стипендияның жайы қозғалды екен деп Иса мен Әшір неге зыр ете қалды? М.Қаб.

  1. Жылдам, тез өте шықты. ~ Келесі аптада зыр етіп жетіп келді. Түрік енді басқа әуенге басты. Д.Шал. ~ Одан бері жиырма жылдан астам уақыт зыр етіп өте шығыпты. С.Сағ.