Жанын сала жүгірді. ~ Балағын түріп зыр жүгірген Төлеген ұзын қамшысын үйіріп тау беткейіне бұзауды зорға айдап жеткізеді. Б.Тоғ. ~ Ac үй мен сырттағы жерошақтың төңірегінде қатын-қалаш, бала-шаға сапырылып жүр. Зыр жүгіріп, шу-шу етеді. С.Мұр. ~ Одан ышқынып қайта шығып, бөренелердi қайта тасып, ақ тер, көк тер болып, тау мен аждаһаның арасында құйындай үйiрiлiп, көз iлеспей зыр жүгiрдi келiп. М.Қан. ~ Әлгі шал ертеден бері зыр жүгіріп сынық салатын адам таба алмады. С.Мұр.
