Posted in

ЗӘРІН ТӨКТІ

Қаһарын төкті, аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты. ~ Дәндеуін қара, мұның. Шашылып, бос жатқан малым бар дейсің бе? – зәрін төгіп шығарып салған. Ә.Шәр. ~ Бұл кезде әбден ысқырынып басын қақшитып алған сұр жылан-бақкұмарлық туған ағасына бауырлық сезіммен қаруға мумкіндік бермеді, зәрін төге келіп Жәнібектің жүрегінен шақты. І.Ес. ~ Зәрін төккен сөздерден гөрі Сүйелбайдың жыбыр-жыбыр етіп қисайып кеткен ерні, жылт-жылт шыққан бетіндегі майлы тері, дем арасында шүңірек тартып, үрей ұялатқан ақи көзі ажалын көрген адамның әп-сәтте сұмдық өзгеріске ұшырайтын әрі ашынған, әрі жалынған бишара түрін алдына бадырайтып жайып салған еді. С.См.