Posted in

ЗӘРІН ШАШТЫ

Долданып, кәрін төкті. ~ Күшікбай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп, өрт сөндіргендей болып зәрін шашып, жетіп келген. М.Әу. ~ Әли ауылындағы жаңа ғана Арыппайлар көрген ойрандарын бұлардың өз беттеріне қарсы басты. Бұл ертеңгі берілер жауаптың да шеті. Сонымен қанша зәрін шашып, кәрін төгіп келсе де, шеріктер көпке топырақ шаша алған жоқ. Ж.Ахм. ~ Террорымен зіркілдейді төрткіл дүние бұрышында, Жетіқат көк зеңгірінде. Идеяларды илеп, таптап, илеп елдер, халықтарды Зар илетіп, зәрін шашты. К.Мырз. ~ Біреуге тәтті, біреуге қатты, қатын дейтұғын қасиеттің төсектен озса болды, шынжырдан босаған аюдай ауылды басына көшіріп, абыройын ашып, зәрін шашып, еркекті жерге қарататын әдеті емес пе. Веттехник суық хабарды қаперіне де алған жоқ. Қ.Ысқ.