Posted in

ЗӘУІДЕ (ЗӘУДЕ, ЗӘУІМЕН) БІР

Анда-санда, ілуде бір. ~ Сондағы үнемі еститіні – еркелеп аққан ақ бұлақтың еркелеп төгілген сәби күлкісі, сонау шаңытқан ал қара көк аспанның зәуіде бір бұлт бүркеніп, найзағай атып, күн күркірете бұрқан- талқан буырқанып кетуі ғана. С.См. ~ Сіз де жүріңіз, мүндай жақсыны көретін заман зәуіде бір ұшырасады. Д.Дос. ~ Бәрі де Жылқайдардан буына семіріп, сыртқа шықса кеуделерін соғады. Зәуде бір арғын-қыпшақтың ауылын торып, бір үйір жылқы алып қайтса, үйге сыймай күпінеді… З.Шүк. ~ Тау қойнауына боран аз соғады, ал зәуімен бір келіп қалған екен, ішін тартып, ышқынып, зәреқұтыңды ала ұрғылағанда қырық жылғыңды есіңе түсіреді. О.Бөк.