Болуы екіұдай, ұнамсыз жағдай туралы; алда-жалда, күтпеген жерден. ~ Жәрмеңке ортасындағы үлкен қораларда тізіліп күтіп тұр. Зәуі сайтан сондай күн бола қалса деп, Ақжелке урядник командирмен ақылдасып соңғы күндерде маңайдағы қақас жүрген жалғыз-жарым қазақтан әлде неше аттар аудартып алған. М.Әу. ~ Шақырушы келгенде, бұл халінен ол серги қалды: өйткені, директор өзін сыйлайтындықтан, бұл да оны аса сыйлап ісінен шашау шығармауға тырысатын; егер, зәуі сайтан шашау шыға қалса, оны директор көріп ескертсе, жерге кіргендей ұялатын, кермесе — көрсетпей түзеуге жанталасатын. С.Мұқ. ~ Олар зәу – сайтан біліп қалған күнде де Жаманбайды атамай, Күнбала жастықтың әсерімен осындағы бір желбас жігітке алданып қалып, абайсызда жүкті болыпты емек… С.Ом. ~ Жәуке Амантай қаласына зәу – сайтан келе қалса, Оспандікіне соқпай кетпейтін. С.Ом.
