Басын көтеріп, ишарат қылды. ~ Топқа таянған соң Нұрмағамбет би: — Азаматтар, жалпы амансыңдар ма? — деді. Кейбірінің ерні қыбырлады, кейбірі иек көтерді. Ж.Айм. ~ Келін шырағым, мырзаның ескісі болса да, қарастыршы, мынамен жат елге қалай барам? Қызыл тоқал не бар, не жоқ дей алмай, сипақтап қалғанда, мырза: беріп құтыл дегендей, иек көтерді. Былғары байпақ қолына тиген соң, Мақаш бөгелген жоқ, алғыс айтып, үйден шықты. Ғ.Мұст. ~ Ойпыр-ай десеңші! Бай иек көтерсе, бір кедейдің үстінен бір кедей арыз береді. Үшінші кедей куә болады. Үшеуін жетістіріп қойып, байекең мұртынан күледі… Ғ.Мұст.
