Бос, иесіз қалған. ~ . Өзгеден гөрі өз міндетінің зорырақ екенін ол сезгендей. «Жақыптың малы түгіл, адамы да менің міндетімде. Жат оймен келгендерге біздің ауылда иен жатқан нәрсе жоқ», – демек болғандай. М.Әу. ~ Шындығында, иен жатты демесек, бүлінгені аз, көпшілік мекендер есік, терезесіне дейін бүтін, қаз-қалпында тұрса керек. М.Мағ. ~ Көп жортып шиырынан сыр аңдатқан, Бөрінің жіліншігін қияр қақпан. Жүргенде жорықта өзі патша әскері Ауылын басып қалды иен жатқан. Н.Айт.
