Posted in

ИЕН ҚАЛДЫ (ҚАЛҒАН)

Иесіз, бос, қорғансыз қалды. ~ Ғажайып – табиғатта емес, қазақ геноцидінде, бар халқы қырылып, иен қалған, оты мол, суы мол кең далада аң мен құс мыңғырып өспегенде қайтпек. М.Мағ. ~ Цин империясы Жоңғарияны басып алғаннан кейін қаңырап иен қалған өлкеге жорықтағы әскердің шағын тобын ғана күзетке қалдырды да, негізгі армияны қайтарып әкетті. Қ.Жұм. ~ Жоңғар жұртының ешкiмге бастырмаймыз деген кеудесiн алдымен қазақ елi талқандап, онан қалғанын қытай тоз– тозын шығарған соң шынында да бiраз иен қалған шұрайлы қонысқа көршi отырған Найман, Керейдiң бiразы көз сала бастаған. К.Сег. ~ Азынайды үмітімнің иен қалған қорасы, Сырғи-сырғи маған жетті көз жасыңның сорасы. Н.Айт.