Posted in

ИМАНДАЙ СЕНДІ

Еш күдіксіз, кәміл, құран сөзіне сенгендей иланды. ~ Басқа адам болғанына, Қайырболды деген адам болып өмір кешкеніне зәредей күмән жоқ, себебі сол адам болып туғанына, басында сол тағдырдан басқа тағдыр болмағанына имандай сенді. Т.Әс. ~ Соның бәрі де Қарасұңқардың молданың айтқандарына имандай сенгенінің салдары еді. Ә.Әл. ~ Шынжыр табаннан асып, қабыршықтана беріштенген қар сеңін қақ жарып, жүзе жөнелген. Кешегі көкіректерін ыңғырудай кеулеген жат сезім, жабайы қылық сейіліп, ұлы бір майданға аттанғандай түстері әрі түйілген, әрі өзі күшіне имандай сенген қайсарлы, әрі қасіретті. О.Бөк.