Кәміл сенді; шүбә келтірмеді; құдайдай сенді; беріле тыңдады; зейін салды. ~ Жұмыстан қалт еткенде қонышындағы газетін суырып алып, қадала қалады. … Ел ішінде не болып жатқанын жазады. Әйтеуір көп сөз жазады… Қартқожа бәріне де имандай ұйиды. Аят пен қадістен кем көрмейді. Ж.Айм. ~ Әй-әй, бас жаққа барыспалық. Не десең, о де – бәрін құп алам. Бірақ Күләрә туралы шайпау сөз айтпа! Ол періште ғой, періште… — Әйбүй, шикінай, көзсіз көбелек… Қойдым-қойдым, тойдым-тойдым. Ей, құрдас, жаңағы Жиынбектің айтқанына имандай ұйыдың ба?.. К.Хам.
