Үрейленбеді, сабыр сақтады, сыр бермеді. ~ Темірке олардың қаперіне түк кірмей, меңіреу, керең кісідей иманы селт етпеген түріне ызалана қарады. Ә.Нұрп. ~ Бұрын осы шалдың тілінен әзірейілдей қорқушы еді; осы жолы иманы селт етпеді … Ә.Нұрп. ~ Көзін сығырайтып қараса, қарсы алдынан үсті-басын қауырсын басқан әлгі… «Сол ғой тағы, шайтан ғой». Бұл жолы иманы селт етпеді. Н.Сам. ~ Мүсіркегені ме, батылсыз кісінеп, алды-артына шықты. Оның бұл қылығына айғырдың иманы селт етпеді. Басын тұқыртқан күйі төрт тағандап тұрған жерінен қозғалмады. Н.Сам. ~ Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт етпей, миығынан күлер еді де, қояр еді. Ә.Нұрп.
