Posted in

ИНЕЛІКТЕЙ ИМИГЕН (ИМИДІ)

Бүкшиіп қалған, еңкіш тартқан, арық, жүдеу. ~ Кеменің бір жағынан жылаған баланың даусы шықса, мен жылжып екінші жаққа кетем. Инеліктей имиген, қушық жаурынды еркек көзіме түссе, одан әрі жылжи берем. Ғ.Мүс. ~ «Анау бос орындыққа қапты неге қоймайды? Қария шіркін тістесіп, инеліктей имиіп, тілерсегі майысып бекер арқалап келді деймісің? М.Сүн. ~ Қираған көпірдің үстінде инеліктей имиіп немістің барлаушы самолеті жүр. Ғ.Мүс.