Posted in

ИНЕЛІКТЕЙ ҚАТТЫ (ІЛМИДІ)

Тым жүдеу, қу сүйегі қалған. ~ Көк тайдың алқымына шығу шығып, басқұрт па, маңқа ма, мандам ба, бұғымала ма? Әлде кім біледі, содан бері шыр жұқпай, инеліктей қатып ол кетті. Ж.Айм. ~ «Япырмай, мына пісте мұрын Сәрсен тышқан аулайтын ақ сары бас құстан аусайшы!.. Мына инеліктей қатқаны кім болды екен? Қартаяйын деген екем, танымай қалыппын ғой, бұл өзімнің көне жолдасым Сиқымбай екен ғой. І.Ес. ~ Сұңғақтау, қызыл арайлы, аққұбаша, сұлу жүзді оның отты жанары тұтанып тұрғаны болмаса, қатты жүдеген екен. Шоқша сақалы үрпиіп, инеліктей ілмиіп қалыпты. Т.Рыск. ~ Өзінің инеліктей ілмиген сиқын көз алдына елестетеді, айнаға қарамай-ақ иіліп келіп үшкір біткен мұрнын, жиексіз ернін, қарасынан аласы кәп көзін, қазақтан гөрі кавказдыққа көбірек ұқсайтын ұсқынын ұнатпай жатыр. Ә.Тар.