Posted in

ИНЕ ШАНШАР (ШАНШЫР) ОРЫН (ЖЕР) ЖОҚ

Қалың, тығыз, тар; аяқ басар орын жоқ. ~ Алты-жеті жылдың ішінде Жапан Манжұриадан, Керейден, Пұрмозадан (Пұрмоза – Жапан аралы) айырылып, әуре болып, елден ине шаншар жері жоқ, алақандай аралдарына қайта тықсырылды. Ж.Айм. ~ Бала-шаға, басқа да жаяу-жалпылар Сарыдоңғалдың төбесiне дейiн ине шаншар бос жер қалдырмай қонақтаған. К.Сег. ~ Вокзал маңындағы хабарландыру маңдайшасында «жалға үй беремін,бөлме беремін» деген жазулардан ине шаншар бос орын қалмаған. А. Елт. ~ Үнияның әнін тыңдауға келген кісіден үйде ине шанышар жер жоқ. Ә.Шәр. ~ Екеуміз ресторанға келсек, ине шаншыр орын жоқ. Не істейміз? Менің басымда шашағы салбыраған түрік тақиям бар еді. Ә.Нұрш.