Абыржып, сасып, берекесі кетіп, сабырдан айрылған адам туралы. ~ Ине ұшында отырғандай үнемі үркектеп, ескі ғимараттың ертеңгілік есігін ашарда да саусақтары дірілдеп, кілтті әзер бұрайтын әпенділеу бір адам болса, ол сөз жоқ, пошта бастық. Қ.Жиен. ~ Көзді ашып- жұмғанша жетіп баратын секілді едік. Қазір жеткізбейді. Алыс. Сөйтсем, саған жеткенше асығады екенмін ғой. Қайтар жолда да тура иненің ұшында отырғандай күй кешемін. Қ.Жиен.
