Posted in

ИТЕЛГІДЕЙ СҮЗІЛДІ (ТҮЙІЛДІ)

Жауына шүйіліп кеп тиісті. ~ Қараман құр қолын көкке білеп, ызадан жарылып кете жаздады. Алпамыс болса, түлкідей жалтарып, қаршығадай қайырылып соғып, ителгідей сүзіле түйіп өтеді. А.Сей. ~ Қалт бергенде жалт беріп, Қараманды Алпамыс Ұрып-ұрып кетеді. Қаршығадай қайрылып, Ителгідей сүзіліп, Ұрып-ұрып өтеді. “Алпамыс б.” ~ Сұраншы батыр бастаған, Үш мың кісі жиылып, Ителгідей түйіліп, Бесін уақыты болғанда, Өңшең батыр қасында, Бақты өзенді жағалап, Күртіден бастап ұрысты. Сүйінбай.