Posted in

ИТЖЕККЕНГЕ АЙДАЛДЫ (АЙДАТТЫ)

Қиыр шет, Ібір-сібірге айдалып, жаза тартты. ~ Арқа мен Жетісу жерін аралап жүргенде, мен ішінара Ақ патшаға жақпай
қалып, сонау Ібір– Сібірге, Итжеккенге айдалып кеткендерді білуші ем. Қ.Жұм. ~ Бұл жақта ондай адам сыймайды ғой, сорлы
жігіт итжеккенге айдалып кетті ме, кім білсін?! Қ.Жұм. ~ Оларға болысқан Торғай Құлыншақтың балаларын торғайдай
тоздырып жібереді. Наданбай мен Сыбанбайды итжеккенге айдатып, Садырбайды Қарқаралының түрмесіне жапқызады.
Т.Жұрт.