Posted in

ИТКЕ КӨЛЕҢКЕ БЕРМЕС

Іштарлық, қыңырлық, әккі қулық, жалқаулық мағыналарында қолданылады. ~ Ұзынтұра Әшірәліге «асықты жілігі ұзын жігіт», Құсыманға – «самар жақ», Меңтайға – «итке көлеңке бермес тақыс», Ештайға –«көсем торы», маған – «ақ қойдан үріккен қара тоқты» деп өзінше атады. К.Сег. ~ ӘБДІКЕРІМ: Ел ішінде іргесінен итке көлеңке бермейтін кісәпір де бар, көлеңке іздеген көпек иттің көлеңкесінен де пана дәметкен мүсәпірлер де толып жатыр. Қ.Ысқ. ~ Жұмыстың жеңілі жоқ. Жан қинағысы, тер төккісі келмейтін немесе итке көлеңке бермес жалқауға ғана оңай. Өйткені ол шөп басын сындырмайды. М.Төл.