Біреуге оның әлі жетпейтін, қолынан келмейтін шаруаны тапсыру мағынасында. ~ Бұрынғы кездегі аласапыран нәубат замандарда жан сауғалау қамымен «үрке, үдере» көшкенде итті серік етіп, оларға да шама-шарқына сәйкес қажетті заттарын теңдеп артқан. Ел басына күн туғанда амалы қалмаған немесе тақыр кедейліктен осындай аянышты халге душар болуды қазақ «итке қос артқандай» деген бейнелі сөзбен суреттеген. Р.Нүс. ~ «Ақсақалдар, абыздар! Төлеген қалың малын алдына салып мына кісіні «итке қос артқандай» етіп ауылына қайтару жөн білетін адамның шаруасы емес… Ы.Дәб.
