Әлдебіреуге не әлденеге өшпес өшпенділік туралы. ~ Ұнатпай ма?! — Ержан мырс етті. Ұнатпағаны сол, иттің етінен жек көреді. Мен болсам… Мен… Маған одан асқан адам жоқ еді. Т.Ахт. ~ Мәнін бірден ұға алмаса да, алғаш естігенде қатты қорланып, Әбдірәсілді иттің етінен жек көріп кетіп еді. С.Елу. ~ Кесіп алса қан шықпас ондай тас жүректі малшылар да иттің етінен әрмен жек көре ме, жайшылықта қарызға сөз сұрасаң бермейтін Дариға екеш Дариға да кірген сайын саулыққа: «Әй, сұқсиған түріңнен! Суалып қалғыр!»— деп түйіледі. М.Қаб. ~ Иә, Жайнақ тап сол үшін, соғысты иттің етінен бетер жек көргені үшін кеткенше көзім жеткен-ді. Ш.Айт.
