Posted in

ИТТІҢ ИТАҚАЙЫ

Кім болса сол, айдаладағы біреу д.м.~ Ақан оған да жауап берді. ─ Кейінгі кезде біз ескі сөздердің көбін ұмытып бара жатырмыз. Ол біздің кінәміз. Менің естуімше, иттің ұрғашысын қазір қаншық десе, бұрын итақай дейді екен. «Иттің итақайына дейін басынды-ау» деген сөз адамдардан қағажу көрген біреудің «қатындарға дейін басынды-ау» деп, ашынғанда шығарған сөзі болса керек. С.Жүн. ~ Мені Грузияда иттің итақайы біледі, ал сіз білмейсіз, оның себебі сіз Грузияда болмағансыз, ал мен сізді қонаққа шақырамын! — дейді Резо. Ә.Тар. ~ «Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс– несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Д.Әш.