Айтқан сөзін үшін растау үшін қарғанудың бір түрі. ~ Мен де өсіп, ержетермін. Мал табармын. Сонда ағайымның осы жақсылығын он есе, жүз есе қайтармасам ит болайын. Б.Соқ. ~ “Ағатай, айтсайшы мына жеңешеме! Өзіңіз келістіңіз, енді бұ кісі де келіссін деп. Облысқа осы жолы және бір барып келейік. Сосын сіздерге ләм десем, ит болайын!” Ә.Тар.~ Маған тек Көкбаевтың жүзінен қанша қозы алатынын біліп берсеңдер болғаны. Тап биыл содан асып түспесем, оллаһи, ит болып кетейін! Қ.Жұм.
