Posted in

ИТ БОЛДЫ

Қорлық көрді. ~ Он екі жыл ит болып тұрғаным да жетеді. Енді адамша тұрғым келеді, – деп Шәмшігүл кесіп тастады. С.Шай. ~ Алпыс екі тамыры иігендей. Жүрегі… жүрегі екіленіп дүрсілдейді. Қабына сыймай ісініп барады дабылдап… Әбден ит болды. Жүрегінің әдеттен тыс дүңкілін Хансұлу естіп қоя ма деп зәресі кетті. С.Ел.

  1. Жағымсыз қылыққа барды, жексұрын болды. ~ Ит біткен үре алмай тұншығып қалған, есесіне ашыққан ашатұяқ күндіз-түні мөңіреп, ауылды азан – қазан қылды да жылы үйде отырған еркек кіндіктің өңешінен ас өткізбей ит болды. Қ.Ысқ. ~ Алтынның атасына нәлет. Алтын – Әзәзілдің жұмыртқасы. Адамдар алтын үшін қырылысады. Ырылдасып, ит болып кеткенін андамай қалады. Ш.Мұр. ~ Мен ит боппын. Кешіре көр ата-бабамның аруағы… Жеңеше, бері келші… Айналайын жеңеше, кеше гөр мені…— Тәлтіректей тұрып Жанайдың апасының алдына барды, етегіне орала жүресінен отыра кетті… С.Мұр.
  2. Масқара болды, ұятқа қалды. ~ Итаршы боп екі жақтан абалағандағы күзеткенің кімнің дүниесі, кімнің тыныштығы? Сол үшін де қор бола ма екен? Ал, тойдыңдар ма! — деп үйден екі туысқанын айдай берді. Ананың екеуі де: “Ит болған екеміз”, — деп балаша жылады. Жамал қоса жылады. М.Әу. ~ Мынандай қайсарлықты үнемi «жасық» деп ұғып келген өндiрдей қазақ жастарынан күтпеген. Ендi, мiне, өзi ит болып, сөзi желге ұшуда. Ә.Ыб.