Бірқалыпты бәсең, өндімейтін жүріс. ~ Көзіне саулап тер құйылып, шатқаяқтай берді. Төрт аяғы жан-жаққа бытырап, өгіз
шабысқа, одан соң ит бүлкекке түсті. С.Жүн. ~ Құсекеңде қарсыласар қайрат қайда, алдына түсіп, ит бүлкекке салып
отырыпты, анау тырағайлатып қуып отырыпты. К.Сег. ~ Есік пен төрдей көшелі бурыл ат ит бүлкекпен суат тұсынан өтетін
қара жолға түскенде, шаруа қамына кірісе бастаған ауыл адамдары ат арбаны танып, жол жүрістің бағытына бал ашып,
қауқылдасып қалды. Т.Әбд.
- Мардымсыз, өнбейтін әрекет, іс. ~ Бұлардың поезының жүрісі ендімейді. Станса сайын тынығып тұрады. Көрінген поезға
жол беріп күтеді. Өстіп ит бүлкекпен отырып, он шақты тәуліктен кейін поезд Оралдан келіп өтті. І.Жанс.
