Posted in

ИТ ЖЫЛҒЫ

Баяғыдағы, атам заманғы. ~ Көпке шашыла да бермейтін, көпті менсіне де бермейтін, замандастарымен кәдімгідей сұхбаттасқан болып, ол кеткен соң, «баяғы ит жылғы әңгімесі ғой» деп оны тумысынан жаттап алғандай-ақ кіржиіп қомсынып отыратын еді. Қ.Ысқ. ~ Аяғын санап басқан жігіттің екі көзі — көше табанында. Көңіл түпкіріне көмілген сонау ит жылғы көріністер көз алдында бұлдыр-бұлдыр елестеп өтеді. Н.Ақ.