Қазақша жыл қайыру бойынша он бірінші жыл. ~ Ахан сен айта бар, ақсақ шалдың үшінші сирағын қоса есептемесеңдер аяғы біреу-ақ екен де. Ат сабылтайын деп отыр едім, келгенің жақсы болды-ау, ит жылынан бері бір жұмсауыма жарамай жүр едің. Қ.Ысқ. ~ Мұхаммед – Қанапия сегіз жасқа келгенде анасы Жамал ауырып қайтыс болады. Жамалдың қырқы өте салысымен бір аптадан кейін әкесі Баһрам 47 жасында 1826 жылы ит жылы ол да
қайтыс болады. Н.Әбу.
- Баяғыда, атам заманда д.м. ~ Бегей ит жылы жасалған көне конспектісін кафедра үстіне жайып тастап, жайбарақат лекция оқып тұрған. З.Қаб. ~ Милицияға телефон шалады, “Жедел жәрдем” станциясынан іздейді. Суға батқан тастай үшті-күйлі жоқ. Мамасы басын орамалмен шарта танып, үһілеп жатып қалады. Көкесі ит жылы тастап кеткен шылымын қайта бұрқыратады. М.Қаб.
