Ашу шақырды, зәрін төкті. ~ Әбжалдың ту сыртынан келіп қарап тұратыны бар. Қызбалтайдың ит жыны ұстайды. Н.Дәу. ~
Атаңның басы, – деді Аманжан ит жыны ұстап. – аппақ дастарқанның бетіндегі сасық қоңызбыз. Тарақанбыз өрмекшінің
торына шырмалған. О.Бөк. ~ Меніңше, біреулердің ит дегенде ит жындары ұстап, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып
жатса да, жалпы иттен бақытты мақұлық жоқ. Әсіресе, қала иттері. Д.Әш. ~ Осыларға Әжімбеттің ит жыны келеді. О.Сәр. ~
Онсыз да ұйқы- тұйқы боп көңілім бұзылғанда мына шалдың жата сап қор ете түсуі ит жынымды келтірді. С.Мұр. ~ Неге мен
таққан айыпты тезiрек мойындай қоймайды деп ит жыны қозатын. Т.Сәук. ~ Ол қазір өзіне арнайы сөз бермеген той иесі
Ши- амбыға да, асаба Демежанға да иттей жыны келіп отырған. Қ.Жұм.
