Posted in

ИТ ЖҮГІРТІП, ҚҰС САЛДЫ

Саятшылықпен айналысты. ~ Тоқсан қонақ келсе де, Асып – саспай сыйлаған. Сапырулы
қымыз, салқын үй, Мәжілісін тыймаған. Ит жүгіртіп, құс салып, Қыйаға бедеу қинаған.
А.Байт. ~ Еті тірі, жақсы жігіттерді еліктеп, насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды
үйрендім. Ж.Айм. ~ Арқат қойнауында ит жүгіртіп, құс салып, саят құруға Мұхтардың да жаны
құмар еді. З.Қаб. ~ Бұл жақта теріскейлік көшпелі елдегідей ит жүгіртіп, құс салу жоқ. Оның
есесіне күнара көкпар бар. Т.Әл.