Қарсыласының, бәсекелесінің өзінен асқанын кім жақсы көрсін д.м. ~ «Түсі қандай болса, ісі сондай болады». Бұл – толық түрі. Ықшам түрінде айтқанда, «ісі түсіндей болады» дейміз… «Ит жүйрік болса, оны түлкі сүймес». Мұны ықшам түрінде айтқанда, «ит жүйрігін түлкі сүймес» дейміз… А.Байт. ~ Тіпті құрым сары айғырдың ұрығы дарыған бие, байталға да өш болыпты. «Ит жүйрігін бөрі сүймейді» деген. ҚЕ.
