Posted in

ИТ (ИТКЕ) МІНІП, ИРЕК (ИРЕКПЕН) ҚАМШЫЛАДЫ

Алға баспайтын жүріс, өнбейтін жұмыс туралы. ~ Әйелім шабан деп, жол ортаға тастайсың ба. Сонымен бір адым алға, екі адым кейін дегендей ит мініп, ирек қамшылаған тірлік бүгінде. М.Қаб. ~ Дәндiбай, “өндiрiп” деген Абай сөзiн қайталап, күлдi де: – Шырағым, Абай-ау! Өндiретiн бiз бе едiк? Бұ енеңдi… Итке мiнiп, ирекпен қамшылаған, қырсық шалған күнде, құдайдың берейiн деп тұрғанын да ала алмайтын мешеулiк бар емес пе? М.Әу.