Талас-тартысы мол, беймаза тірлік. ~ Күйеуімен бір ұрсысқан әйел екіншісінде тіпті де тартынбайды. Әрі-беріден соң ұрыс-керіс, ұрлық-қарлық олардың ит-ырғылжың өмірінің қалыпты мөлшеріне айналып кетеді. Ұрсысып үйренген адамдарда ұят болады деп ойламай-ақ қой. Б.Қыд. ~ 40 пен 50-дің арасында, қаладың-қаламадың, әркіммен бір арпылдасқан-алысқан ит-ырғылжың өмір басталады. И.Сап. ~ Құрып кетсін! Бұл не өмір болды сонда? Не боп барады мынау ит-ырғылжың тіршілік! Түкке түсінсем бұйырмасын. З.Қаб.
