Итшілеп, берекесіз күн кешті. ~ Берекесіз ылаң жайлаған, ит мініп, ирек қамшылаған кер заманда елін-жерін жау шауып
қара қонысына өрт қойып, шаңырағын ортасына түсіріп, төрт түлік төлінен адасып … Ж.Баб. ~ Итмұрын шауып, иектен тері
тамшылап, Қара ауыз иті құйрығын бұлғай қаңсылап. Отынын теңдеп малшы да келген бұл суға, Имиіп кеткен ит мініп ирек
қамшылап. Ж.Жақ. ~ Адам өмірінің алды бұлдыр, арты күрделесіп жатады бауырым, балалығыңды ойласаң ит мініп ирек
қамшылап жүрген жүрісің де сәнді-мәнді, қызығы мол болып сезіледі. Б.Жұм. ~ «Оу, бiз де ит мiнiп, ирек қамшылап жүргемiз
жоқ, бiр жылқы болса да атайық та!» десiп, кеткендер де табылды. К.Сег. ~ Әкем Байсалбай – өмірі ит мініп, ирек қамшылап
өткен тақыр кедей. Іңгәлап жерге түскенде өмір мені өгей баласындай сыртқа тепті. М.Әбд.
