Тығыз, қалың өскен, ну жыныс. ~ Көкше жерінде ит мұрыны өтпейтін қалың қарағайлы, шақпақ тасты кішігірім әсем таулар қанша көп болса, айдын көлдер, жайылма, қара сулар, шалшық, томарлар да қисапсыз. С.Жүн. ~ Ол кезде сай-сайдың, қобы-қобының бәрі шырыштай қалың, ит мұрыны өтпейтін қорыс, шоқ-шоқпыт, бұта-сая, түйетікен, шоңайна. Б.Қыд. ~ Сол ит мұрыны өткісіз қара барақ, биіктігі ат жалын шаларлық ну жыңғылдың арасына, қораға шабатын қасқырдай, бір адам қас қарая жетіп бұққан-ды. Х.Ес. ~ Мыңбұлақта баяғы-баяғы бағзы заманда ит мұрыны өтпес қалың орман болған екен. Сол дәурен қайтып оралса дейсің ғой, баяғы. Ш.Мұр.
