Posted in

ИТ ПЕН МЫСЫҚТАЙ

Өшпейтін өшпенділік, қырын-қабақтық. ~ Екеуінің де орыс патшалығы дегенде атарға оқтары жоқ. Бірақ, бір тәуірі, екеуі өзара ит пен мысықтай. Ә.Кек. ~ Жергілікті жастар оларды келемеждейді, келеке етіседі, тілдеп жатады. Әйтеуір екі жақ ит пен мысықтай. Ә.Асқ. ~ Қолмен жеңіп, күшпен көндіріп алам деу неткен зорлық еді. Ит пен мысықтай күн кешіп табар қызығы қандай болмақ сонда. С.См.