Posted in

ИТ ПЕН ҚҰСҚА ЖЕМ (ЖЕМТІК) БОЛДЫ (ТАЛАНДЫ)

Әлдекімдерден қорлық көріп, сүйегі айдалада қалды. ~ Одан бері де… Атасы кемпірді қатты аяйды. Сосын осы шүйкедей пенде Құдайға неден жазды екен деп те дал. Сорлының әкесі де, байы да жер түбіне айдалып, ит пен құсқа жем болған. Н.Дәу. ~ Жуықта тәргі басталады, – деді Еркін. – Мынау азынаулақ малды ит пен құсқа жем қылғанша, жартысын арғы бетке сізден айдатып жіберсек дегенге бәтуаластық. О.Бөк. ~ Бұл сияқты сұмдықтарды дүние халқы бастан кешіріп көрді ме екен? Осы сыбыстарды естіп, ата жұрттан қозғалмауға бекінген Көкебай Боранқұлға нендей ақыл көрсетеді. Солармен бірге кет, солармен бірге ит пен құсқа жемтік бол демек пе? Ғ.Біл. ~ Енді Сейтен салған ән сөздері айқын естілді. — Қош аман бол, кең жайлау, өскен жерім, Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жерім. Есіл қазақ есейіп ел бола алмай, Ит пен құсқа таланып өшкен жерім,— деп күңіренеді ол. І.Ес.