Posted in

ИТ-РӘСУА БОЛДЫ

Босқа әуреленіп, арам тер болды. ~ Далабай жayынға жон арқасын тосып тұрған қойға қарады. Қысы- жазы бір тұяқ, шығындатпай, шырылдап жүріп өсіріп еді, шынымен есіл еңбек ит- рәсуа болғаны ма. Ш.Мұрт. ~ Сөмкелерді аударып-төңкеріп ақтарған сайын күңкілі көбейіп кетті: – Езіліп кеткен қырық жылғы құрма!.. Мынаның бәрі жылтыраған Қытайдың алмасы!.. Сары мейізді кісі ала ма екен, күкірттің түтініне ысталған, уланып өлсін деп үрмісің!.. Қып-қызыл ақшаны ит-рәсуа ғып!… Т.Сәу. ~ Құзғын тұмсық кәрі қатын кімнің шікәрәсі. Миы аузына түсіп, өмірем қапса да мәйлі. Есіл сыйым ит-рәсуә болғанына ішім іріп тұр. Т.Сәу.