Сүйегі далада қалды. ~ Шөл қоныс болмайтынына көз жетті. Жұрт бас қосып сөйлесіп, орта жүз бен кіші жүз кейін шалқымақшы болды. Ұлы жүз қалмақшы болып бел байлады. Малдың көбі шөлде қырылып, ит-құсқа жем боп қалды. А.Байт. ~ Иен далада өліп ит-құсқа жем болдым-ау деген өкініштен арылып адамзатқа кезіккенде мынау азапқа толы тірлігін тас есінен шығарып ешкісін жетектеген күйі қойшыға тура тартты. Б.Жұм. ~ Е-е, обал-ай, сол жұтта көрші совхоздың қойшысы шиеттей бала-шағасымен иен құм – айдалада үсіп өліп, ит-құсқа жеміт болғанына қазіргілер сенбейді. Ж.Шағ.
