Posted in

ИТ СІЛІКПЕСІ ШЫҚТЫ (СІЛІКПЕСІН ШЫҒАРДЫ)

Әбден болдырды, зықысы шықты, титықтап бітті. ~ Уфа мен екі ортада екі рет қазақтардың шабуылына ұшырап, жұлған торғайдай болып ит сілікпесі шығып барған ол немелердің балдыр-батпақ әңгімесін ақ патша не қылсын! Ә.Кек. ~ «Социализм жауларына» деген аяушылығы жоқ жанның тақымына да ат шақ келмеді. Тұлпар берсе де екі-үш айда ит сілікпесін шығарып жібереді. С.Досж. ~ Желіккен қыз, бозбалаларға керегі де сол, аюдай ебедейсіз Қозбағарды түртіп қашып әбден ит сілікпесін шығарды. С.Елу.

  1. Жер-жебіріне жетіп ұрысты, жанын шығарды. ~ Аз ғана елге ие бола алмайтындарың бар, несіне адам боп жүрсіңдер! Бұдан да өлгендерің жақсы емес пе? – деп, ит сілікпесін шығарды. С.Ом.